Паралимпиада-2018: Қазақстандық биатлоншы алтыншы орын алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан құрамасының мүшесі Александр Герлиц Пхенчхандағы Паралимпиада ойындарында биатлоннан 12,5 шақырымда 6-орынды алды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Герлиц атыс шебінде 6 рет қателесіп, жарыс жолын 40 минут 51 секунд нәтижемен аяқтады.

Бірінші орынды франциялық Бенджамин Давет алды, украиналық Игорь Рептюк екінші, Канада өкілі Марк Арендз үшінші болды.

Ал пара-биатлон жарысында жерлесіміз Сергей Усольцев 11-орынмен шектелді.

Еске сала кетейік, шаңғы жарысында Александр Герлиц төртінші орынды алып, 1994 жылдан бергі қазақстандық паралимпиадашылардың ең жоғары  нәтижесіне қол жеткізген болатын.

Соңғы жаңалықтар