Параканоэдан Азия чемпионаты: Қазақстандықтар екі медаль олжалады

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат -21 қазан күні Өзбекстанның Самарқанд қаласында мүмкіндігі шектеулі жандар арасында параканоэдан (байдарка мен каноэда есу) Азия чемпионаты өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарысқа Азияның 6 елінен - Қазақстан, Өзбекстан, Иран, Жапония, Үндістан және Тайландтан 66 пара-есуші қатысты.

Байрақты доданың қорытындысы бойынша, Қазақстан құрамасы 1 күміс және 1 қола медаль иеленді.

 
KL-3 (200 метрге) санатында «күмісті» Жалғас Тайкенов жеңіп алды. KL-2 (200 метр) санатында «қоланы» Бибарыс Спатай олжалады.

Әйелдер арасында KL-2 (200 метр) санатында Жаңыл Балтабаева жүлделі орынға бір табан жақын болып, нәтижесінде төртінші орынға табан тіреді.

Айта кетейік, пара-атлеттер Түркістан облысынан қатысуда.

2019 жылы өтетін Әлем чемпионатында 2020 жылғы Паралимпиада ойындарына (2020 жылғы) жолдамалар ойнатылады.

 

null 

Соңғы жаңалықтар