Парадзюдодан ӘЧ Қазақстан командалық қола жүлдеге ие болды

None
БАКУ. ҚазАқпарат – Бакуде аяқталған әлем чемпионатында парадзюдошылардың ерлер командасы қола медалін қанжығаға байлады. Қазақстандықтар әлемнің үздіктері Бразилияны 4:2 есебімен жеңіп, жартылай финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жартылай финалда Әзербайжан командасына есе жіберіп, қола жүлде үшін кездесуде ИБСА құрама командасына ешқандай мүмкіндік қалдырмады.

Олжас Оразалыұлы, Темірболат Ташекенов, Ерлан Конкиев және Аманжол Жанбота өз қарсыластарын ес жиғызбай иппон әдісімен таза жеңіп, тарихымызда алғаш рет командалық қола медаль сыйлады.

«Бұл жетістік - ерен еңбектің және еліміздегі спортты қолдауының нәтижесі» - деп құраманың бас бапкері Жандос Қиянов.

Еске сала кетейік, командалық сайыста 2019 жылы Қазақстан құрамасы Азия чемпионы атанған болатын.

Сонымен қатар IBSA ұлттық құрамасының сапында отандасымыз Альфия Тілекқабыл (J1 -57 кг) командалық жарыста қола медаль жеңіп алды.

IBSA командасына өз құрамасынан адам саны жеткіліксіз болған спортшылар кірді.

Командалық жарыс жеңімпаздары Украина болса, күміс Бразиля қыздарында.

Бұған дейін қорытынды командалық жарыс өтетіні және оған біздің құрамадан 6 жұп дзюдошы қатысатыны туралы хабарланды.

Автор: Серікбол Қошмағанбетов


Соңғы жаңалықтар