Параазиялық ойындардың жүлдегерлері ОҚО әкімінен ақшалай сыйақы алды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Параазиялық ойындардың жүлдегерлері ОҚО әкімінен ақшалай сыйақы алды.

Шымкентте Параазиялық ойындардың жүлдегерлеріне құрмет көрсетілді. «Ел құрамасына оңтүстікқазақстандық бес спортшы: Бекжан Есіркепов, Анастасия Соболева, Мансұрбек Ибрашев, Дәренбай Нарбеков, Александр Родионов кірді. Олардың ішінде екеуі аймағымыздың атын шығарып, сол үшін ақшалай сыйақыға ие болды», - деп баяндады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Ақша сертификаттарын ОҚО әкімінің орынбасары Сәкен Қаныбеков табыстады. Жүзуден қола жүлде алған Мансұрбек Ибрашевке 500 мың теңге сомасына сертификат табыс етілді. Параазиялық ойындардың жүзуден екі дүркін чемпионы болған Бекжан Есіркеповке 1 млн. теңгеге сертификат берілді. Қалған спортшыларға Алғыс хаттары берілді. Сәкен Қаныбеков спортшыларға алғысын айтып, алдағы спорттық жолдарында табыстарға жете берулерін тіледі.

Соңғы жаңалықтар