Параатлеттер әлемдік Гран-при турнирінде 6 жүлде жеңіп алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 23-30 маусым аралығында Тунисте пара жеңіл атлетикадан әлемдік Гран-при сериясының турнирі өтті. Жарысқа 25 мемлекеттен 300-ге жуық спортшы қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл - 2024 жылы Парижде өтетін Паралимпиада ойындарының алдындағы ірі рейтингтік жарыс.

Байрақты бәсекеде қазақстандық спортшылар сәтті өнер көрсетіп, 6 жүлделі орынға ие болды:

1 орын - Салтанат Әбілхасымқызы (200 м қашықтыққа жүгіру);

1 орын – Равиль Мансурбаев (ядро итеру);

2 орын - Руфат Хабибулин (100 м қашықтыққа жүгіру);

3 орын - Руфат Хабибулин (найзаны лақтыру);

3 орын – Дастан Мукашбеков (ядро итеру);

3 орын – Салтанат Әбілхасымқызы (100 м қашықтыққа жүгіру).

«Гран-при жарыстарына Қазақстан тарапынан 7 спортшы қатысты. Спортшылардың дайындығы жоғарғы деңгейде болды. Бұл жарыста 6 жүлдеге қол жеткіздік. Оның ішінде Салтанат Әбілхасымқызы, Равиль Мансурбаев, Дастан Мукашбеков пен Руфат Хабибулин лайықты өнер көрсетіп, Пара Азия ойындарына іріктеуден өтті», – дейді дене мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының команда басшысы Мәулен Нәсіпқали.


Сурет: seovalley.com
Соңғы жаңалықтар