+7 (701) 759 90 19
USD 419.54 EUR 509.2
RUB 5.72 CNY 64.81
Jańalyqtar

Пара көлемі қалай өзгерді – зерттеу қорытындысы

2021 жылғы 13 қаңтар 12:47
Бөлісіңіз:
Пара көлемі қалай өзгерді – зерттеу қорытындысы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда орта есеппен пара көлемі қалай өзгерді? Бұл сұраққа «Transparency Kazakhstan» ҚҚ атқарушы директоры Ольга Шиян жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандықтардың 60 пайызы жемқорлыққа қарсы күресте көмек көрсетуге дайын Қандай органдарда жемқорлық фактілері жиі кездеседі

Жемқорлыққа қатысты арнайы зерттеу қорытындысын жария еткен Ольга Шиянның айтуынша, азаматтар көбінесе ем алу немесе емделуге жолдама алу (12,7%), жұмысқа орналасу (10,1%), баланы балабақшаға орналастыру (6,1%), жер мәселесін шешу (6,5%), ХҚКО-дан анықтама алу (5,1%), сессияны «жабу» (4,4%), салық есебін тапсыру (9%), жол берілген заңбұзушылықтар бойынша жауапкершіліктен аулақ болу (8,4%) қажеттігіне байланысты пара беріп жатады.

«Респонденттердің сыбайлас жемқорлыққа тартылуына өтініштердің жиілігі емес, алушының қызметке қызығушылық дәрежесі әсер ететінін атап өткен жөн. Респонденттер жағдайлардың жартысында мәселені бейресми шешудің бастамашылары мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, сондай-ақ делдалдар екенін атап өтті. Бір жыл ішінде сыбайлас жемқорлық мәмілелеріндегі делдалдардың үлесі 6%-ға өсті», - деп атап өтті Ольга Шиян Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Сауалнамаға қатысқандардың үштен екісі, егер қандай да бір мекеменің қызметкері пара алғысы келсе, онда ол әуре-сарсаңға салып, өз өкілеттіктерін асыра пайдаланатынын атап өткен. Пара сомасы 1 000-нан 300 000 теңгеге дейін өзгерген (2019 жылы-500-ден 500 000 теңгеге дейін болған).


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT