Пара беруге итермелеген мектеп директорының орынбасары сотталды - Қызылорда

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласындағы мектеп-гимназиясы директорының орынбасары пара беруге итермелегені үшін сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қызылорда облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне сілтеме жасап.

«Қызылорда облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен Н. Ілиясов атындағы № 9 мектеп-гимназиясы директорының орынбасары Н.С.Тастанбекова қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Ол алаяқтық жасағаны және азаматшаны техникалық персонал ретінде жұмысқа қабылдау үшін аталған мектеп-гимназия директорына 300 мың теңге көлемінде пара беруге итермелегені үшін күдіктелген», - делінген хабарламада.

Биылғы жылдың 4 қарашасында Тастанбекова Қызылорда қалалық №2 сотының үкімімен алаяқтық және пара беруге итермелегені үшін кінәлі деп танылып, 1 жылға бас бостандығынан және өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан айырылды.

Соңғы жаңалықтар