Пара бермек болған кәсіпкер 200 мың айыппұл төлейтін болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық мемлкетік кірістер департаментінің қызметкерлері мемлекеттік қызметшіге пара берген адамды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ер адам POS-терминалсыз, кассалық машинасыз кәсіпкерлік қызмет көрсеткені үшін әкімшілік жазадан құтылғысы келген.

Ол үшін мемлекеттік қызметкерге 10 мың теңге көлемінде пара берген.

Сот шешімімен кәсіпкер пара көлемінен 20 есе артық сома 200 000 теңге төлеуге мәжбүрленді.

Қалалық МКД мемлекеттік қызметшілер қызмет көрсеткені үшін ақша сұраған жағдайда +7 707 413 59 22 номеріне WhatsApp желісіне жазуды сұрайды.

Фото: spmag.ru

Соңғы жаңалықтар