Пара бергені үшін тағайындалған айыппұлды төлемеген азамат бас бостандығынан айырылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат  - Ақмола облысы бойынша жемқорлықпен күрес қызметінде ұлын шарты-мерзімінен бұрын шығарып алуға көмектесу үшін лауазымды тұлғаға 900 мың теңге пара бермек болған Көкшетау қаласының тұрғыны К.Г.Әубәкіровке қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2019 жылдың 15-ші ақпан күні Көкшетау қалалық сотының үкімімен Әубәкіров кінәлі деп танылып, оған қатысты 13 270 785 теңге айыппұл түрінде шара қолданылды. Белгіленген кесте бойынша айыппұл уақытылы өтелмегендіктен сот қаулысымен аталмыш жаза түрі  2 жыл 5 ай және 15 күнгі бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды. Ағымдағы жылдың 5-ші қазан күні жемқорлықпен күрес қызметі аталмыш сот шешімін орындау мақсатында Әубәкіровты Көкшетау қалалық ПБ уақытша ұстау изоляторына қамады», - дейді ведомстводан.

 

 

 

 

Соңғы жаңалықтар