Пара беретін қазақстандықтар азайып келеді - Шпекбаев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттінің төрағасы Алик Шпекбаев сыбайлас жемқорлықпен күресте дін өкілдерінің көмегі болатындығын атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сыбайлас жемқорлық қоғамда ең масқара құбылыс ретінде, адамгершіліктің, халықтың ар-ұятына нұқсан келтіретін, болашақ ұрпақтың әл-ауқатына зиян келтіретін жайт ретінде қабылданса, онда адамдар арасында пара беру мен алу оқиғалары айтарлықтай сирек кездесер еді. Осы мақсатқа жету бағытында шығармашылық зиялы қауымның, мәдени әрі білім беру мекемелерінің, БАҚ-тың рөлі елеулі. Сонымен қатар, бұл проблеманы шешуде дін өкілдері де зор үлес қоса алады, себебі барлық дінде пайдакүнемдік пен парақорлықты күнә ретінде бағалайды», - деді Алик Шпекбаев интернет-конференция барысында қойылған сауалға жауап бере отырып. 

Оның сөзіне қарағанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмысқа бүгінде азаматтық қадағалауды дамытудағы агенттіктің жобаларына ел тұрғындары мен қоғамдық ұйымдар көптеп тартылуда.

«Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейі төмендеп келеді. Адамдар арасында параны алу мен беру үрдісі азайғанын байқап отырмыз», - деді Алик Шпекбаев.

Соңғы жаңалықтар