Пара Азия ойындары: Ел қоржынына бесінші «алтын» түсті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық пара жүзушілер Индонезия астанасы Жакарта қаласында өтіп жатқан ІІІ Пара Азия ойындарында тағы бір алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Пара Азия ойындары сайтындағы ақпараттарға сәйкес, қазақстандық спортшы Дмитрий Ли ерлер арасындағы S10 санатында 400 метрге еркін жүзуден Азия чемпионы атанды. 

Сондай-ақ, Паралимпиада ойындарының чемпионы Зүлфия Ғабидуллина S4 санатында 50 метрге еркін жүзуден күміс жүлдеге ие болды. 

Айта кетейік, Дмитрий Ли бұған дейін 200 метрге және 50 метрге жүзуден бір «күміс» және бір «қола» медаль еншілеген болатын. 

Соңғы жаңалықтар