Пара алудан бас тартқан қостанайлық полицейлер марапатталды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында мемлекеттік қызметке адалдық танытқан құқық қорғау органдарының қызметкерлері марапатқа ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті өткен жылды қорытындылап, 2019 жылдың жұмыс жоспарын талқылады.

«Отырыс барысында 2018 жылы атқарылған жұмыстарға есеп берілді. Мемлекеттік қызмет саласындағы өзекті жаңалықтар талқыланды. Бірқатар жобалық кеңселер мен қоғамдық ұйымдардың есептік баяндамалары тыңдалды. Солардың бірі - «Қостанай - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі. Олар биыл бірінші рет «Адал жүрек» төсбелгісін тапсырды», - деді ведомствоның баспасөз хатшысы Аида Бажирова агенттік тілшісіне.

«Адал жүрек» төсбелгісі мемлекеттік қызметке адалдық танытқан қызметкерлерге тапсырылады. Сонымен, құрметті марапатқа бірінші болып Қостанай облысы полиция департаменті рота командирінің міндетін атқарушы, полиция аға лейтенанты Данияр Ермағанбетов пен взвод командирі, аға лейтенант Қажымұрат Жұмағазинов лайық деп танылды. Олар жұмыс барысында пара алудан бас тартқан.

Еске салсақ, «Қостанай - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі былтыр желтоқсан айында ашылған. Басты мақсат - тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың жолын кесіп, оның деңгейін төмендету және азаматтарға қолайлы жағдай жасау. Бұл тұрғындарға қажетті қызмет түрін кедергісіз алуға жол ашады. Азаматтар сыбайлас жемқорлыққа қатысты деректерді осы жерге хабарлауға болады.

null

Соңғы жаңалықтар