+7 (701) 759 90 19
USD 425.85 EUR 499.78
RUB 5.82 CNY 65.87
Jańalyqtar

Пара алу, есірткі жасау, қамау: Алматы облысында қызметін асыра пайдаланған 5 полицей сотталды

2021 жылғы 16 шілде 11:15
Бөлісіңіз:
Пара алу, есірткі жасау, қамау: Алматы облысында қызметін асыра пайдаланған 5 полицей сотталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Алматы облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты бірнеше қылмысқа кінәлі деп танылған бұрынғы 5 полицейге қатысты айыптау үкімін шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы облысында 200 мың теңге пара алған полицейлер 7 млн теңгеден айыппұл төледі Биыл Алматы облысында 69 шенеунік жемқорлық жасағаны үшін сотталған Алматы жедел жәрдем қызметі жұмысшылардың жемқорлық туралы шағымына жауап берді

Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, сот үкімі 2021 жылғы 28 маусымда шығарылған.

Олар:

1) есірткі құралдарын, психотроптық заттарды өткізу мақсатында лауазымды тұлғаның қызметтік жағдайын пайдалана отырып, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен заңсыз дайындағаны, қайта өңдегені, сатып алғаны, сақтағаны және тасымалдағаны (ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігінің 1), 4) тармақтары);

2) бірнеше рет қорқытып алу жолымен, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен пара алғаны (ҚР ҚК 366-бабы 3-бөлігінің 1), 2), 4)-тармақтарымен);

3) лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны (361-баптың 1-бөлігі);

4) Көрiнеу заңсыз ұстап алғаны, күзетпен қамауға алғаны немесе күзетпен ұстағаны (ҚР ҚК 414-бабының 1-бөлігі);

5) лауазымды адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасалған алаяқтық әрекеттері (ҚР ҚК 190-бабы 2-тармағы), 3-бөлігі) үшін айып тағылды.

Сот оларды тағылған айыптар бойынша кінәлі деп танып, қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайды ескере отырып, сотталған адамның қылмыс жасауға қатысу рөліне, дәрежесіне қарай 2 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Соттың бұл үкімімен келіспеген сотталушылар апелляциялық шағым түсірді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT