Пара алғандар жайлы хабарлаған үш қостанайлық 1,2 млн теңге сыйақы алды

None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Құзырлы органға сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған Қостанай облысының үш тұрғынына жалпы сомасы 1 290 545 теңге сыйақы берілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы биылғы 9 айдың қорытындысын жариялаған өңірлік сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу қағидаларына сәйкес, 3 азаматқа сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін барлығы 1 290 545 теңге сыйақы берілді», - деп мәлім етті жергілікті департаменттің баспасөз қызметінен.

Сонымен қатар, құзырлы орган мәліметінше, 9 айдың ішінде облыста жеңілдетілген қантқа қатысты да заңсыз әрекеттер анықталған.

Дер кезінде қабылданған шаралардың нәтижесінде тұрақтандыру қорына 3 тонна қант қайтарылып, бірнеше жауапты тұлға қызметінен босатылған.

Бұған қоса, департамент фермерлерді бопасалаумен айналысқан Денисов ауданының полицейлерін анықтаған.


Соңғы жаңалықтар