+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Пара алған: ШҚО-да аудан әкімінің бұрынғы орынбасары түрмеге қамалды

2021 жылғы 25 қараша 18:00
Бөлісіңіз:
Пара алған: ШҚО-да аудан әкімінің бұрынғы орынбасары түрмеге қамалды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімінің бұрынғы орынбасары пара алғаны үшін түрмеге қамалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Шымкентте екі қылмыстық топ мемлекетке 3 млрд теңге шығын келтірген

Аудандық сот баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Бородулиха ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған сотталушы осы жылдың наурыз-шілде айлары аралығында көлік жолдарын жөндеуге қосымша келісімдер жасасу кезінде ЖШС басшысына көмек көрсетемін деп 1 800 000 теңге пара алған. Сот барысында оның кінәсі куәгерлер сөзімен және жасалған келісім шарт сынды құжаттармен дәлелденді.

«Айыпталушы кінәсін мойындамай, жеңіл жаза тағайындауды сұрады. Сот үкімімен ол 3 жыл мерзімге түрмеге қамалды. Сонымен қатар аудан әкімінің бұрынғы орынбасары мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылған», - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT