Пара алған салық инспекторы сотталды

None
None
ОРАЛ. Тамыздың 3-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - БҚО бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті Зеленов аудандық салық басқармасының жетекші салық инспекторы Е.Иртикееваның үстінен ҚР ҚК 311-бабы 2-бөлімі (пара алу ) бойынша қылмыстық іс қозғаған еді.

Департаменттің баспасөз қызметінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, аталмыш салық инспекторы жеке кәсіпкерді тіркеу туралы куәлікті және патентті тез беріп, болашақта «қамқоршы» болам деп Б.Елеубаевтан 41 мың теңге пара алу үстінде ұсталған болатын.

Зеленов аудандық соты Е.Иртикееваны кінәлі деп тауып, үш жылға бас бостандығынан және осыншама уақыт бойы мемлекеттік қызметті атқару құқығынан айыруға, жазасын жалпы тәртіптегі түзеу колониясында өтеуге үкім етті.

Соңғы жаңалықтар