Пара алған полицей айыппұл төлеп құтылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ақмола облысында пара алған полиция қызметкеріне сот үкімі шықты. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тергеушісі Қайсар Баржақсынов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақмола облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Көкшетау қалалық полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің қызметкері Әубәкіровке қатысты алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады», - деді ол.

Агенттік тергеушісінің дерегінше, ол Көкшетау қаласының тұрғынын қылмыстық жауапкершілікке тартпағаны үшін 50 мың теңге сомасында заңсыз ақшалай сыйақы алу күдігіне іліккен.

«Осы жылдың 19 ақпанында Көкшетау қалалық сотының шешімімен оған 375 мың теңге көлемінде айыппұл салынды»,- деді Қайсар Баржақсынов.


Соңғы жаңалықтар