+7 (701) 759 90 19
USD 411.66 EUR 465.92
RUB 5.81 CNY 58.79
Jańalyqtar

Пара алған Өскеменнің Ветеринария бөлімінің бұрынғы басшысына 1,6 млн теңге айыппұл салынды

2019 жылғы 16 қазан 10:18
Бөлісіңіз:
Пара алған Өскеменнің Ветеринария бөлімінің бұрынғы басшысына 1,6 млн теңге айыппұл салынды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскемен қаласының Ветеринария және ауыл шаруашылығы бөлімінің бұрынғы басшысы пара алғаны үшін сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысында жемқорлық фактісі туралы хабарлаған азаматтарға 1,3 млн теңге сыйақы берілген

Шығыс Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Өскемен қаласының Ветеринария және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы С. Күдебаевқа және осы бөлімнің бас маманы Қ. Серіковке қатысты бірнеше рет пара алды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Олар кәсіпкерлік субъектілерінен жалпы қамқорлығы үшін жүйелі негізде (тұрмыстық сыбайлас жемқорлық) пара алды деген күдікке ілінген болатын.

15 қазанда Өскемен қаласының №2 сотының үкімімен аталған лауазымды тұлғалар пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, оларға 1 638 000 теңге мөлшерінде айыппұл салынды, сондай-ақ мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT