Пара алған Қостанай облыстық білім басқармасының қызметкері 10 жылға сотталды

None
None
ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Алаяқтық жасап, пара алған білім басқармасы бөлім басшысының орынбасары сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекеттік қызметкерге қатысты іс Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Облыстық білім басқармасына қарасты әдістемелік сүйемелдеу орталығының қаржыландыру және қаржылық есептілік бөлімі басшысының орынбасары Ш. қылмысын төтенше жағдай кезінде жасаған.

Ш. жергілікті ЖШС өкілінен 14 млн теңге алған. Ол серіктестікті мектептер мен колледждер үшін компьютерлер сатып алуға ойнатылған тендерде жеңуге уәде еткен. Алайда Ш.-ның мұндай өкілеттілігі болмаған. Ол серіктестік басшылығын алдап соққан.

«Жаза тағайындау кезінде сот қылмыс жасауды ауырлататын мән-жай есебінде төтенше жағдай мерзімін негізге алды. Сот Ш.-ға қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеумен 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сондай-ақ мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылды», делінген соттың баспасөз хабарламасында.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар