+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Пара алған аудан прокуроры 4 жылға сотталды

2019 жылғы 10 желтоқсан 10:55
Бөлісіңіз:
Пара алған аудан прокуроры 4 жылға сотталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақмола облысы Қорғалжың ауданының бұрынғы прокуроры Д. Омар 4 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қостанай әкімінің айлық жалақысы қанша Дүниежүзілік банк Қазақстандағы жемқорлықты бақылау көрсеткішінің жақсарғанын атап өтті Спорт мекемелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы аудит жүргізіледі

Бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ақмола облысы Қорғалжың ауданының прокуроры Д.Омарға қатысты пара алды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу жүргізген болатын. Бұл фактіні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Бас прокуратурасының Ішкі тергеулер департаментімен бірлесіп анықтаған.

«Д.Омар Қорғалжың қорығының басшысы А.Сексенбиевтен 23 миллион теңге ақша резервінің кассада заңсыз болу фактісін өз қорытындысында көрсетпегені үшін 5 миллион теңге мөлшерінде пара алуға тырысты деп күдіктелген. Осы жылдың 9 желтоқсанында Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр аудандық №2 аудандық сотының үкімімен Д.Омар 4 жылға бас бостандығынан айырылды», - деп атап өтеді ведомстводан.

Сонымен қатар ол мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан және әділет кеңесшісі арнаулы атағынан өмір бойына айырылған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT