Пара алды деген айыппен Бөрлі аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы қамауға алынды - БҚО

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бөрлі аудандық сотының қаулысымен аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысына екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, алдын ала тергеу органдары аталған қызметкерге ҚР ҚК 366-бабы 2-бөлігіне сәйкес, пара алды деп айып тағып отыр.

Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізілуде.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар