Панфиловшылар паркі қайта қалпына келтіру: 400 млн теңге үнемделді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы жайлы қалалық орта басқармасында 28 Панфиловшылар паркін қайта қалпына келтіру жұмыстары қалай жүріп жатқанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік желіде қалың көпшілік атқарылып атқан жұмыстарға қатысты көп сын айтқан болатын.

«Айтылған ескертулерді ескере отырып, бұл парктердегі жұмыстар қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың бақылауында тұр. Қала басшысы күн сайын жұмыстың есебін талап етіп жатыр. Әкімдік өкілі құрылыс алаңында жұмыстарды жіті қадағалауда. Осыған дейін болған заң бұзушылықтар үшін мердігер ұйым жазасын алды», - деді қоғамдық кеңес отырысында басқарма басшысы Сапар Нұрашев.

Оның айтуынша, мердігер компания жарты миллион ақша төлеген. Ал жоба құны 1 млрд теңгеге дейін оңтайландырылды.

«Бүгінде мемлекеттің 400 млн теңгесін үнемдедік. Қоғам белсенділері, жақын арада тұратын тұрғындар парк ішінде субұрқақ салудың, жаңа балалар алаңының құрылысының қажет еместігін айтты. Қонаев көшесінен мәңгілік алауға дейінгі кеспетас та 2018 жылы жасалған жөндеу жұмыстарымен төселіп кетті. Тек бұзылған асфальт беттері ғана жамалып, суару жүйесі жаңартылады.

Көлемі 17 га болатын паркте 300 текше метр көлемді резервуар орнатылған. Себебі, сонша аумақты суару керек. Одан бөлек 210 орындық, урна орнатылады», - деді Сапар Нұрашев.


Соңғы жаңалықтар