Панфилов дивизиясының ерлігі - жаңа қазақстандық патриотизмнің негізі - генерал -майор Қ.Қайдаров

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда "Генералдар кеңесі" қоғамдық бірлестігі "Панфиловшылардың жаппай ерлігі - жаңа қазақстандық патриотизмнің негізі" əскери-тарихи конференция өткізді.

Отырыс барысында панфиловшы жауынгерлердің Мəскеуді қорғау жолындағы шайқасы туралы талқыланды.

Мұрағат жəне музей қызметкерлері, академиялық жəне зерттеу институттарының мамандары зерттеу жұмыстарын қорытындылады.

Ғалымдар əскери тарихтың негізгі бағыттары бойынша дау туғызатын тұстарды тілге тиек етіп, Ұлы Отан соғысының тарихын одан əрі терең зерттеуді қолға алу керектігін жеткізді.

"Біз тарихты білуіміз керек. Біздің отандастарымыз 75 жыл бұрын Мəскеуді ерлікпен қорғады. Қазіргі жастар, тіпті офицерлер де Панфилов дивизиясын біле бермейді. Жастардың тарихтан қол үзбеуі үшін үнемі ағарту жұмыстарын жүргізу керек. Біздің қазіргі алға қойған мақсатымыз - Армия үйін "Мəңгілік ел" патриоттық жұмыс орталығына айналдыру",- деді тарих ғылымдарының докторы, профессор Лəйла Ахметова.

Жаңа қазақстандық "Мəңгілік ел" патриоттық қозғалысы туралы əділет генерал-майоры, профессор Рүстем Қайдаров айтты.

"Мəңгілік ел" патриоттық қозғалысы жастарға Мемлекет басшысы ұсынған Ұлт жоспарын жүзеге асырудың 5 институционалды реформасы мен "Нұрлы жол - болашаққа бастар жол" жолдауын, Алматы қаласының даму бағдарламасын жүзеге асыруға көмектеседі. Жаңа қазақстандық патриотизм - біздің мемлекеттілігіміздің, бірлігіміз бен қауіпсіздігіміздің кепілі",- деді ол.

Конференцияға билік өкілдері, "Нұр Отан" партиясының мүшелері, ҰОС ардагерлері, əскери оқу орындарының оқытушылары мен студенттер қатысты.
null

Соңғы жаңалықтар