Панфилов дивизиясы жауынгерлік туының көшірмесі Ақмола облысына әкелінді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының полицейлері атақты Панфилов дивизиясының Жауынгерлік туын тапсыру салтанаты акциясына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың 2020 жылғы 5-ші ақпанындағы тапсырмасымен Ұлттық гвардияда «Біз Жеңістіңұрпағымыз» атты еске алу эстафетасы бастау алады. Эстафетаның ерекше белгісі атақты Панфилов дивизиясының Жауынгерлік туының көшірмесі болып табылады. Эстафета барысында Жауынгерлік ту республикалық маңыздағы 3 қала мен 14 облыс орталығында және 7 қалалық және жергілікті маңыздағы қалада болады», - дейді ведомстводан.

ПД баспасөз қызметіндегілер атап өткендей, шара барысында Жауынгерлік ту Қостанай қаласындағы әскери бөлімнен Көкшетаудағы «ҚР Орталық Ұлттық гвардия» 5610 әскери бөліміне тапсырылды.

«Біз Жеңістің ұрпағымыз» эстафетасы соғыс жылдарындағы қазақстандық жауынгерлердің Ұлы Жеңіске қосқан ерлігі дәріптеп, құрмет көрсетуге бағытталған.


Соңғы жаңалықтар