Панфилов аудандық полиция бөлімінің басшысы жұмыстан шеттетілді

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Жаркентте полиция қызметкерлері жемқорлыққа қарсы қызметтің жедел тергеу тобына оқ атқаннан кейін Панфилов аудандық полиция бөлімінің басшысы жұмыстан шеттетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ал оқиға орнынан бой тасалаған үш күдікті қызметкер жөнінде облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірмеді.
«Панфилов аудандық полиция бөлімінің басшысы жұмыстан шеттетілгенін растаймыз. Ал оқиға орнынан қашып кеткен полицейлер ұсталған-ұсталмағаны жайлы бізде ақпарат жоқ», - деді облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілі Сергей Незнаев.
Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысы Панфилов ауданының шенді полицейлері пара алды деп айыпталып отыр. Олар 2 491 дана ондатр терісін қайтару үшін жергілікті тұрғыннан 700 мың теңге пара алды деп күдікке ілікті. Тергеу жалғасып жатыр.
- Павлодарлық полицейлер аязда жолда қалған Түркия азаматына көмектесті
- Қызылордада 25 жастағы жігіт түн жарымда телемұнараға шығып алған
- Жамбыл облысында соңғы екі жылда парақорлықтың 110-нан астам фактісі тіркелді
- Индонезияда жер сілкінісі құрбандарының саны артты
-
Тараз мектебінде жұмыста жоқ медбике мен психологқа айлық төленіп келген
-
Елордада жоғалған жасөспірім табылды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам