Пандемиямен тұспа-тұс келген бұл сайлау ешкімге оңай болмайды - Андрей Чеботарев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Саясаттанушы Андрей Чеботарев Мәжіліс және мәслихат депутаттарының алдағы сайлауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біріншіден, сайлау Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттарды мерзімінен бұрын таратпай, конституциялық тұрғыда бекітілген мерзімде өткелі отыр. Соңғы рет мерзімді сақтау тәртібі 2003 (мәслихаттарды сайлау) және 2004 жылдары болған еді. Сол себепті бұл жағдайда конституциялық құқық саяси конъюнктурны айналып өтті. Екіншіден, парламенттік және жергілікті сайлаулар үйлесімділігімен қатар пропорционалды негізде өтеді. Өз кезегінде бұл жағдай белсенділік пен нәтижелілікке қарай партиялардың электоралды рейтингіне қатты әсер етеді. Үшіншіден сайлау жалғасып келе жатқан COVID-19 індеті мен оның салдарымен тұспа-тұс өткелі тұр. Бір жағынан билік бұл ретте санитариялық-эпидемиологиялық сипаттағы белгілі бір шаралардың сақталуын қадағалай отырып, сайлауалды шаралар мен дауыс беру рәсімін өткізуі керек», - дейді ол желідегі парақшасында.

Сарапшының айтуына қарағанда сайлаудағы партиялық құрам 2016 жылғыдай болады. Қазіргі партиялар өзінің күн тәртібін айқындап қойған.

«Сондай-ақ бұл сайлау елдегі билік транзиті процесіндегі кезекті әрі маңызды кезең болмақ. Жалпы айтқанда сайлау кампаниясы басталды. Пандемия мен қоғамның көңіл-күйіне қатысты қазіргі факторларды есепке алсақ, бұл сайлау оңай болмайды», - деді ол.

Еске сала кетсек бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихат депутаттары сайлауын тағайындау туралы үндеу жариялаған болатын.

«Бүгін мен Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойдым. Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы тағайындалады. Алдағы сайлау конституциялық мерзімге сәйкес, 2021 жылдың 10 қаңтарында өтеді. Барлық саяси партиялардың бұл сайлау науқанына қатысуға дайындалуына, сайлау алдындағы платформасын әзірлеуіне, партиялық инфрақұрылымдарды жетілдіруіне уақыты жеткілікті болды», - деді Президент үндеуінде.



Соңғы жаңалықтар