+7 (701) 759 90 19
USD 412.10 EUR 454.34
RUB 5.82 CNY 57.62
Jańalyqtar

Пандемияға байланысты әл-Фараби мен Абай мерейтойлары қалай атап өтіледі

2020 жылғы 5 мамыр 08:08
Бөлісіңіз:
Пандемияға байланысты әл-Фараби мен Абай мерейтойлары қалай атап өтіледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында коронавирус пандемиясына байланысты әл-Фараби мен Абай мерейтойлары қалай атап өтілетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ұлыларды ұлықтап, даналарды дәріптеу – халқымыздың игі дәстүрі. Біз Әл-Фараби мен Абай мұрасын зерделеу ар­қылы қазақ даласындағы өркениеттің тамыры терең екенін көрсетеміз. Сон­дық­­тан бұл мерейтойлар – бәрімізге үлкен сын.

Абай өзінің «толық адам» тұжы­ры­мын мирас етсе, Әл-Фараби «бақытқа жету жолындағы қайырымды қоғам» қағидасын өсиет етіп қалдырды. Ұлы ойшылдардың әділдік пен ізгілік жөніндегі ұстанымы баршаға белгілі. Менің «Ха­лық үніне құлақ асатын мемлекет» атты тұжырымдамам осы қағидалармен үндеседі.

Мерейтойлар аясында мемлекеттік және өңірлік жоспарлар жасалды. Бүгінге дейін кейбір жобаларды жүзеге асырып үлгердік. Қазіргі ахуалға байланысты түрлі мерейтойлық шаралар онлайн форматында өткізілуде. Бұл жобалар әлеуметтік желілер мен интернет-ресурс­тарда да кеңінен насихатталады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT