+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Пандемиядан кейін әлем экономикасы қандай болады? - Foreign Policy

2020 жылғы 17 сәуір 17:47
Бөлісіңіз:
Пандемиядан кейін әлем экономикасы қандай болады? - Foreign Policy

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Foreign Policy басылымы экономика бойынша Нобель сыйлығы иегерлерінің пандемиядан кейінгі әлем экономикасы туралы пікірін білді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Атырау облысының бес ауданына жылжымалы зертхана берілді ДДСҰ пандемия басталғалы COVID-19 жұқтырудың рекордтық санын тіркеді Жапонияда 2021 жылы жаңа туған нәрестелер саны күрт азаюы мүмкін

«Пандемия кезінде әлем экономикасының болашағын «белгісіздік» деп қана сипаттауға болады. Кәсіпорындар мен компаниялар жұмысын жандандыра ма? Адамдар саяхатқа қайта шыға ма? Үкіметтер бөлген қаражат рецессиядан сақтай ала ма? Осы сұрақтарды бірнеше сарапшыға қойған едік», - деп жазады басылым.

Экономист Джозеф Стиглицтің айтынша, қазіргі таңда жаһандану мен мемлекеттік өзін-өзі қамту деңгейінде баланс сақтау маңызды.

«Бұрын экономистер өндіріс пен энергетикалық қауіпсіздік мәселесіне баса назар аудару керек деген пікірге күлетін. Олар жаһандану дәуірінде шекара маңызды болмайтынын, басқа мемлекеттер үнемі көмекке келетінін алға тартатын. Ал қазір шекара жабық. Мемлекеттер өз елінде өндірілетін маскаларға мұқтаж болып қалды. Коронавирус пандемиясынан туындаған дағдарыс саяси және экономикалық бірліктің базасы – мемлекет екенін тағы бір мәрте еске түсірді», - дейді Джозеф Стиглиц.

Ал Роберт Шиллердің айтуынша, қазіргі жағдай өзгерістерге мүмкіндік береді.

«Пандемия жаңа жолдар ашып, тығырықтан шығудың жаңа құралдарын іздеуге мүмкіндік жасады. Бұл жағдайда бүкіл әлем маданның бір жағында қалды. Яғни, жаңа халықаралық институттар құруға мотивация пайда болуы мүмкін», - дейді сарапшы.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айкүміс Болатбек

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT