+7 (701) 759 90 19
USD 425.85 EUR 499.78
RUB 5.82 CNY 65.87
Jańalyqtar

Пандемияда нақты сектор бәсекеге қабілетті екенін көрсетті – Премьер-Министр

2021 жылғы 10 шілде 11:42
Бөлісіңіз:
Пандемияда нақты сектор бәсекеге қабілетті екенін көрсетті – Премьер-Министр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында мемлекеттік бюджет кірістері жоспары 107,5% орындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мемлекет басшысы Ақтауда коммуналды және көтерме базарлар салуды тапсырды Нұр-Сұлтанда «Қазақстанның өңдеу өнеркәсібі апталығы» халықаралық көрмесі ашылды «Бастау Бизнес» арқылы 55 мың адам өз кәсібін ашты – Абылай Мырзахметов

«2021 жылдың бірінші жарты жылдығында мемлекеттік бюджет кірістері жоспарға қатысты 107,5% орындалды. Ал республикалық бюджет кірістері 101%, жергілікті бюджеттер 120,3% орындалды. Мемлекеттік бюджет шығыстары жоспарға қатысты 99,6% орындалды», - деп атап өтті Премьер-Министр.

Оның айтуынша, республикалық бюджет шығыстары 99,9%, ал жергілікті бюджеттер – 99,6% орындалды.

«Пандемия жағдайында нақты сектор экономиканың тұрақтылық факторына айналып, өзінің бәсекеге қабілетті екенін көрсетті. Өңдеуші сектордың 5,6% өскенінің арқасында өнеркәсіптің оң өсу қарқыны 1,5% деңгейінде қамтамасыз етілуде. Фармацевтикалық өнім 31,1%, машина жасау 22,1%, оның ішінде автомобиль жасау 32%, вагондар мен локомотивтер 37,5%, құрылыс материалдары 19,5%, киім 19,5% және жиһаз өндірісінде 19% деңгейінде серпінді өсу қамтамасыз етілді», - дейді А. Мамин.

Сонымен бірге, ОПЕК плюс келісімі бойынша міндеттемелерді орындау аясында мұнай өндірудің 5,3% қысқаруына байланысты тау-кен өндіру өнеркәсібіндегі серпіннің 3% шектелуі байқалады.

«2004 жылдан бері алғашқы рет экономика құрылымындағы өңдеуші өнеркәсіп үлесі тау-кен өндіру өнеркәсібінен асып түсті. Құрылыс секторында жоғары көрсеткіштерге қол жеткіздік. Жартыжылдық қорытындысы бойынша өсу 11,9% болды. 6,6 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл былтырғы жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 8,3% жоғары. Ауыл шаруашылығындағы 3,2% деңгейіндегі өсім, мал шаруашылығындағы өндіріс көлемін 3,4% ұлғайту есебінен болып отыр», - деді Асқар Мамин.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды. Бейнебайланыс режимінде өтіп жатқан отырыста Министрлер кабинетінің барлық мүшелері, облыстардың, республикалық маңызы бар Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдері қатысуда. Жиын барысында еліміздің биылғы жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланбақ. Сондай-ақ Қазақстан Президенті пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономиканы дамытудың міндеттерін белгілеп береді деп күтілуде.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT