Пандемия жағдайында Қазақстанның электр энергетика саласына қандай қолдау көрсетілді
2021 жылғы 3 қаңтар 17:45

Пандемия жағдайында Қазақстанның электр энергетика саласына қандай қолдау көрсетілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2020 жыл әр түрлі салалар үшін, соның ішінде Қазақстандағы электр энергетикасы үшін қиын болды. Энергетика министрлігі пандемия кезінде бұл салаға қандай қолдау көрсетілгендігі туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

COVID-19 пандемиясы салдарынан туындаған дағдарыс жағдайында отандық мұнайды қайта өңдеуді қолдау үшін Үкімет келесі шараларды қабылдады: мұнай өнімдерін Қазақстаннан тыс жерлерге автомобиль көлігімен шығаруға тыйым салу жойылса, Кеден одағы елдерінен тыс жерлерге мұнай өнімдерін шығаруға тыйым салынды. Осы жылдың соңына дейін экспортқа сатылатын бензин мен дизель отынына акцизделетін тауар өндірушілер акциздер төлеуден босатылды. Ресейден Қазақстанға бензин мен дизель отынын теміржол арқылы жеткізуге де тыйым салынды.

Ведомствода айтып өткенде, жоғарыда аталған шараларды іске асыру мұнай өнімдерін тұтынудың дүниежүзілік құлдырауы жағдайында Қазақстандағы мұнай өңдеу зауыттарының жұмысын тоқтату қаупін барынша азайтуға мүмкіндік берді.

Энергетика министрлігі ішкі нарықта мұнай өнімдерінің іркіліп қалмауы және зауыт жұмысының тоқтамауы үшін 2020 жылға арналған мұнай өңдеу жоспарын 17 млн тоннадан 15,5 миллион тоннаға өзгертті. Сонымен қатар, Қазақстанда 2020 жылдың соңына дейін бақыланатын объектілерді профилактикалық бақылауға және жер қойнауын пайдаланушыларға баруға мораторий жарияланған (рұқсаттар мен жоспардан тыс рәсімдерді қоспағанда).

2020 жылы Энергетика министрлігінің жұмысы дағдарыс жағдайында мұнай саласын қолдауға бағытталды. 2020 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша мұнай өндірісі 78,5 млн тоннаны, мұнай экспорты 63 млн тоннаны, өңдеу көлемі 14,4 млн тоннаны құрады.

Коронавирустың таралуына және көптеген елдерде карантин енгізілуіне байланысты сұраныс пен ұсыныстың теңгерімсіздігі, мұнай бағасының төмендеуі және мұнайдың әлемдік қорының өсуі орын алды. Мұнай қоймаларының шамадан тыс қорлануын, кен орындарының тоқтап қалуын және мұнай бағасының күрт төмендеуін болдырмау үшін Қазақстан ОПЕК + келісіміне қосылды және мұнай өндіруді шектеді.

ОПЕК + келісіміне қатысушы басқа мұнай өндіруші елдердің осы шектеулері мен осыған ұқсас шараларының арқасында әлемдік мұнай нарығында сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі мен мұнай бағасының біртіндеп қалпына келуі байқалады. Мысалы, егер сәуірде Brent маркалы мұнайдың баррелінің бағасы 19 доллар болса, 2020 жылдың желтоқсанына қарай 51 долларды құрады.

Осы шектеулерге байланысты Қазақстанда 2020 жылға арналған мұнай өндіру болжамы 90-нан 85 миллион тоннаға дейін қайта қаралды. ОПЕК + келісімінің арқасында кен орындарының төтенше тоқтап қалуын болдырмауға, жұмыс орындарын сақтап қалуға, сондай-ақ мұнай қоймаларын толып кетуден сақтауға мүмкіндік туды.


Ұқсас жаңалықтар
Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT