+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Пандемия Тәуелсіздік тойына көптеген түзету енгізді – Дәурен Бабамұратов

2021 жылғы 21 шілде 16:02
Бөлісіңіз:
Пандемия Тәуелсіздік тойына көптеген түзету енгізді – Дәурен Бабамұратов

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Пандемия Нұр-Сұлтан қаласында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арнап өткізілетін шаралардың форматын өзгертіп, ауқымын тарылтуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 3,5 мыңға жуық түрлі іс-шара өтті Тәуелсіздіктің 30 жылындағы Шығыс Қазақстанның жетістіктері қандай Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: ШҚО-да жыл соңына дейін 40-тан астам нысан ашылмақ

Қалалық ішкі саясат басқармасының басшысы Дәурен Бабамұратовтың айтуынша, биыл Тәуелсіздік мерейтойы аясында елордада 800-ден астам шара өткізу жоспарланған екен. Бүгінде соның жартысына жуығы іске асқанымен, о бастағы ауқымы мен форматына түзетулер енген. Оның бәріне пандемиямен байланысты шектеулер себепкер.

«Пандемия Тәуелсіздік тойына сөзсіз әсер етті. Өкінішке қарай, қатаң санитарлық талаптар бойынша және елорданың «қызыл» аймақта болуына байланысты жабық ғимараттың ішінде өтуі жоспарланған, аса маңызды көптеген іс-шараны онлайн форматта өткізуге мәжбүр болып отырмыз. Бұған дейін де біршама шараның көлемін азайтып, қатысушылар санын шектеген болатынбыз. Ахуал осылай жалғасатын болса, көптеген жоспарға түзетулер енгізетініміз сөзсіз», - деді әкімдік өкілі.

Оның айтуынша, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Қайырымды істер марафоны» аясында елордалықтарға 10 мыңнан астам азық-түлік себеті таратылған .

«Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында Нұр-Сұлтан қалас ы нда 300-ден астам шара өткізілді. Бұл шаралар 66 мыңнан астам адамды қамтып, атаулы көмек пен қолдау көрсетілді. «Қайырымды істер марафоны» ұранымен өткен шаралар аясында әкімдік қызметкерлері мен еріктілер, Қазақстан халқы Ассамблеясының қалалық бөлімшесінің өкілдері мен бизнесмендер жарты жылдың ішінде 10 мыңнан астам азық-түлік себетін таратты», - деді әкімдік өкілі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT