USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Пандемия шектеулері әлі 1-1,5 жыл сақталуы мүмкін – ғалым болжамы

2021 жылғы 30 қараша 17:17
Бөлісіңіз:
Пандемия шектеулері әлі 1-1,5 жыл сақталуы мүмкін – ғалым болжамы

НҰР-СҰЛТАН. ҚАЗАҚПАРАТ – Қазақстан медицина университетінің эпидемиология, биостатистика және дәлелді медицина кафедрасының доценті Рафаиль Қыпшақбаев коронавирус пандемиясының қашан аяқталатыны туралы болжамын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
БҚО-да коронавирус жұқтырған 270-тен астам науқас стационарда жатыр Коронавирус вакцинасы паралич тудыратыны туралы хабарландыру – фейк Қытай билігі Олимпиада қатысушыларына коронавирусқа қатысты талаптарды жеңілдетті

«Болжам жасау - абырой бермейтін іс. Пандемияға келсек, бұған дейінгі тұспалдарым теріс кетіп көрген жоқ. Вирус мутацияға түскен сайын таралу ауқымы кеңейетінін, індет жұқтырғандардың саны арта түсетінін, бірақ ауыртпалығы алғашқыдан жеңілірек болатынын айтқан едім. Солай болды да. Бәлкім, коронавирус симптомсыз инфекция деңгейіне дейін түрленетін шығар. Яғни, біріншіден, вирус ғайып болмайды. Ол бізбен бірге өте ұзақ өмір сүретін шығар. Иә, қазір біз вирустың салдарымен ғана күресіп отырмыз. Себебін емдеу мүмкін болмай тұр. Осыны ескерсек, пандемия тоқтай қоймайды», - деді ғалым Денсаулық министрлігі ұйымдастырған онлайн дәрісте.

Маманның айтуынша, коронавирустың тұмау сияқты деңгейдегі ауруға айналатыны туралы болжамдардың негізі бар.

«Коронавирус пандемиясына байланысты шектеу шараларының бәрі 1-1,5 жылдан кейін аяқталуы мүмкін. Содан кейін бұл вирус өмірімізге мықтап еніп, тұмау мен суық тию арасындағы ауыртпалығы бар ауру қоздырғышқа айналады. Сирек жағдайларда тәуекел топтарының өкілдері үшін асқынулары болуы мүмкін. Бірақ басым жағдайда адамдар бұл инфекцияны оңай әрі жеңіл өткереді», - деді Рафаиль Қыпшақбаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT