+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

Пандемия кезіндегі 42 500 теңге аясындағы дау-дамайдың себебі анықталды

2021 жылғы 16 қыркүйек 00:04
Бөлісіңіз:
Пандемия кезіндегі 42 500 теңге аясындағы дау-дамайдың себебі анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өткен жылы елімізде пандемия етек жайғанда халық жұмыссыз қалып, мемлекет тарапынан уақытша қаржылық қолдаудың көрсетілгені аян. Айта кетсек, 42 500 теңге аясында көптеген сұрақтар мен күдіктің туындағаны рас. Араға біраз уақыт салып аталған мәселеге қатысты түсініктеме берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен жылы басталған пандемия бізге нені көрсетті? Ол цифрландырудың маңыздылығын көрсетіп отыр. Мысалға айтар болсам, өткен жылы елімізде 42 500 теңгенің халыққа қалай берілгенін білесіздер. Дау-дамай туды, шулаттық, халықтың қиналғаны рас. Қалай істедік, біз алдымен халықтан өтініш қабылдадық, оған біздің EGOV төтеп бере алмай басқа портал аштық. Өтініш қабылданған соң, кімге беру немесе бермеу керек екенін анықтау үшін 1 ай уақыт жоғалтып алдық. Ал негізінде цифрлық түрде оны 1 күннің ішінде анықтауға болар еді. Осы орайда аталған қателікті қайталамау үшін біз бүгінде мемлекеттік қызметті бір алаңда яғни бір платформа арқылы көрсету керек деген ойға келіп отырмыз»,- деді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин «Ашық алаң» телебағдарламасында.

Бұған дейін министр EGOV мемлекеттік қызмет айналасындағы қауесетке қатысты түсініктеме берген еді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT