Пандемия кезінде жүкті әйелдер денсаулығын қалай қорғауы тиіс

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қарағанды медицина университетінің акушерлік, гинекология және перинатология кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы Жанна Әмірбекова коронавирус эпидемиясында жүкті әйелдердің күтімі туралы сұхбат берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта коронавирус жұқтырған жүкті әйелдерден аса ауыр белгілер байқалып жатқан жоқ. Ең алдымен, коронавирус инфекциясымен ауыру қаупін азайту үшін тамақтануға және ағзаны дәруменмен байытуға мән беру керек. Күнделікті су балансын сақтау керек, өзгелермен байланысты азайтып, қолды үнемі жуып, яғни барлық қажетті шараларды ұстану қажет. Егер жүкті әйелде коронавирустың алғашқы белгілері байқалса, дереу тұрғылықты жерінде тіркелген гинекологқа хабарласуы керек. Егер коронавирус инфекциясы расталса, әрине, оның жеңіл немесе ауыр түріне байланысты ауруханаға жату керек. Егер жүктілік 36 аптадан асса, оны міндетті түрде ауруханада емдеу керек. Ауру мен пневмонияны анықтау бойынша, антибактериялық терапия тағайындалады. Қазіргі уақытта «Цефтриаксон» препараты тағайындалып жүр. Сонымен бірге, «Алувиа» бүгінге дейін вирусқа қарсы препарат ретінде қолданылып келді, бұрын ол ВИЧ пен СПИД-ті емдеуде қолданылатын. Бұл – вирусқа қарсы өте күшті препарат, оны қолданған кей әйелдерде теріс динамика байқалды. Қазіргі уақытта бұл препаратты коронавирусты емдеу хаттамасынан шығару қарастырылып жатыр», - деді Ж. Әмірбекова.

Сонымен бірге, дәрігер эпидемия кезінде жүкті әйелдерің имуунитетін күшейту жөнінде кеңес берді.

«Біріншіден, жақсы иммунитет жақсы тамақтануға тікелей байланысты, пайдалы жеміс-жидек пен ет жеу керек. Тіпті қазіргі уақытта жақсы иммунитет жақсы көңіл-күйге байланысты дер едім. Ең бастысы, коронавирус жұқтырдым деп дүрбелеңге салынбау керек. Бірден екі ағза үшін жауап бергендіктен, барлық жүкті әйелдерге өзіне көңіл бөлуге кеңес беремін. Жүктілік кезінде иммунитет әлсірейді. Бүгінгі таңда жүкті әйелдерді коронавирус инфекциясынан емдеу туралы хаттама жасалды. Егер сіз өзіңізді жайсыз сезінсеңіз, шұғыл түрде дәрігеріңізбен байланысып, денсаулығыңыз туралы хабарлаңыз», - деді дәрігер.


Соңғы жаңалықтар