Пандемия кезінде шикізаттық емес экспорт көлемі көп қысқарған жоқ – Президент

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында пандемия кезінде шетелдік инвестицияның көмігімен 7000-нан астам жұмыс орны ашылғанын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Пандемия кезінде Қазақстанның шикізаттық емес тауарлар экспорты 15 млрд долларды құрап, мейлінше аз – 2,8 пайызға қысқарғаны қуантады. Осынау дағдарыс жылында біз 18 млрд доллардан астам тікелей шетелдік инвестиция тарта алдық. Былтыр шетелдік қатысумен өңірлерде жалпы сомасы 1,6 млрд доллар болатын 41 инвестициялық жоба қолға алынды. 7000-нан астам жұмыс орны құрылды. Әлем экономикасы қалпына келе бастаған кезде Қазақстан да экономикалық өсім қарқының арттырып жатыр. Біздің Үкіметтің болжамы бойынша, бұл өсім 3,5 пайыз болуы мүмкін. Бұдан жоғары ықтимал қарқын күтіп отырмыз», - деді Мемлекет басшысы.


Соңғы жаңалықтар