Пандемия кезінде салынған модульдік ауруханалар қазір қандай мақсатта пайдаланылады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі COVID-19 инфекциясымен күрес үшін салынған модульдік ауруханалар қазір қандай мақсатта қолданылып жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«COVID-19 инфекциясымен күрес шаралары щеңберінде еліміздің көлемінде 200 төсек-орынға арналған модульдік ауруханалар салынған болатын. Бүгінгі таңда 14 өңірде 16 модульдік аурухана қызметін атқарып жатыр. Коронавирус жұқтыру көрсеткішінің төмендеуіне байланысты өңірлердің қажеттілігіне қарай қолданылып жатыр. Яғни, әр облыста қандай бейін бойынша төсек-орын жеткіліксіз, соның негізінде модульдік ауруханаларды қолданылуда. Мәселен, Атырау обыстық онкологиялық орталықтың төсек-орындарын ауыстырып, кейін оны перинаталдық орталыққа айналдыру жоспарлануда. Ал, Қызылорда облысында бұл модульдік ауруханалардың төсек-орындары онкологиямен ауыратын науқастарды емдеу үшін берілді», - деді ДСМ Медициналық көмекті ұйымдастыру бөлімінің басшысы Әсел Қыдыралиева.

Оның айтуынша, санитарлық нормаларға сай, залалсыздандыру жүргізілген соң, аталған модульдік ауруханалар өзге дерті бар пациенттерді емдеу үшін тиісті жарақтандырылып, қайта бейімделеді.


Соңғы жаңалықтар