Пандемия кезінде елімізде интернет алаяқтық 10 есе өсті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2021 жылы елімізде 21 мыңнан астам интернет алаяқтық тіркелді. Бұл туралы ҚР ІІМ криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Серік Шалқаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақпараттық технологиялар мен цифрлық сервистің дамуы жағдайында, әсіресе пандемия кезеңінде бүкіл жергілікті жерлерде киберқылмыстың, оның ішінде интернет алаяқтықтың өршігені байқалды. Егер 2017 жылы 2 мың интернет алаяқтық тіркелген болса, өткен жылдың қорытындысы бойынша 21 мыңнан астам алаяқтық тіркеліп отыр», - деді ол министрліктің Facebook парақшасында өткен онлайн брифинг барысында.

Осы ретте спикер интернет-алаяқтықтың ең көп тараған түрлеріне тоқталды.

«Осы жылғы 4 айда онлайн сауда бойынша 2,5 мың факті тіркелді. Онда алаяқтар тауар немесе көрсететін қызмет үшін алдын ала төлем алады. Азаматтардың жеке деректерін алғаннан кейін банк шотынан ақша ұрлау бойынша 1,8 мың факті әшкереленді. Онлайн қарыз рәсімдеу арқылы 1 мыңнан астам қылмыс жасалды. Ақшаны әртүрлі тиімді жобаларға, инвестицияға, ставкаға және басқа да салаға салып, көбейтіп беру сылтауымен 400-ге жуық алаяқтық тіркелді», - деді Серік Шалқаров.


Соңғы жаңалықтар