+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Пандемия кезінде аштықтан зардап шеккендер саны артты - Халықаралық ұйымдар

2020 жылғы 14 шілде 12:50
Бөлісіңіз:
Пандемия кезінде аштықтан зардап шеккендер саны артты - Халықаралық ұйымдар

НҰР-Сұлтан. ҚазАқпарат – БҰҰ-ға қатысты бірқатар ұйымдардың есебіне сәйкес, 2019 жылы әлемде шамамен 690 миллион адам аштықтан зардап шеккен. Коронавирус пандемиясы жағдайды ушықтыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат dw.com/ru агенттігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Өткен тәулікте 242 адамнан коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония анықталды Волейболдан клубтар арасындағы әлем чемпионаты өтпейтін болды Қазақстанда өткен тәулікте 155 адам коронавирустан жазылды

Әлемде аштықтан зардап шеккендердің саны артуда. Бұл туралы дүйсенбі күні жарияланған БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ), Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДСҰ), БҰҰ Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы (ФАО) және басқа да ұйымдар дайындаған баяндамада айтылған.

2019 жылы жер бетіндегі 690 миллион адам тамаққа жарымай отыр, делінген құжатта. Бұл бір жыл бұрынғыдан 10 миллион адамға көп, ал бес жыл бұрынғы көрсеткіштен 60 миллионға көп. Сонымен қатар, 2019 жылы «азық-түліктің орташа немесе мол көлемде жетіспеуінен» зардап шеккендердің саны шамамен 2 млрд адамды құраған, деп хабарлады баяндама авторлары.

Коронавирус пандемиясы жағдайды одан сайын ушықтырды дейді мамандар. Пандемиядан туындаған жаһандық дағдарыс өндірістік тізбектерге ғана емес, сонымен қатар жер бетіндегі тамақ өнімдерінің таралуы мен тұтынылуына да әсер етті.

«COVID-19 пандемиясының денсаулыққа, әлеуметтік және экономикалық салаларға әсері азық-түлік қауіпсіздігі деңгейінің одан әрі төмендеуіне және ең осал топтардың тамақтану жағдайының нашарлауына әкелуі мүмкін», деп ескертті БҰҰ.

Егер қазіргі үрдіс жалғасатын болса, онда 2030 жылға қарай әлемде ашыққандар саны 840 миллион болуы мүмкін.

Бұл жағдайда, әсіресе, балалар қатты зардап шегеді. Баяндама авторларының мәліметтері бойынша, азық-түліктің жетіспеуіне байланысты 2019 жылы әлемдегі 5 жасқа дейінгі әрбір бесінші баланың (21 пайыз) дамуында ақаулар болған. Осы жастағы балалардың шамамен 7 пайызы аштықтан әлсіреген.

БҰҰ бағалауы бойынша аштықтан зардап шеккен адамдардың көпшілігі, 381 млн адам Азияда тұрады. Африкада - 250 млн, Латын Америкасында және Кариб аймағында - 48 млн.

Сонымен қатар, құнарлы және пайдалы тағамның бағасына байланысты мәселе БҰҰ сарапшыларының назарын аударды.

«Дұрыс тамақтану әлемнің бірнеше аймағындағы көптеген адамға, әсіресе кедейлерге қол жетімді емес», - делінген баяндамада.

Авторлардың пікірінше, көкөністер, жемістер мен ақуызға бай тағамдардан тұратын дұрыс тамақтану мәзірі тек негізгі азық-түліктерден бес есе қымбат.

Екінші жағынан, баяндамада көрсетілгендей, 2019 жылы әлемде бес жасқа дейінгі балалардың 5,6 пайызы артық салмақтан зардап шеккен. БҰҰ сарапшылары семіздікке шалдыққан адамдардың үлесі әлемнің барлық аймақтарында өсіп келе жатқанын атап өтті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT