+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Пандемия кезеңінде биотехнология саласындағы ғылыми зерттеулер үш есе артты

2020 жылғы 25 маусым 12:20
Бөлісіңіз:
Пандемия кезеңінде биотехнология саласындағы ғылыми зерттеулер үш есе артты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Пандемия кезеңінде биотехнология саласындағы ғылыми зерттеулер мен эксперименттік әзірлемелер бойынша қызметтер көлемі үш есе артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Energyprom.kz мониторинг агенттігінің сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда кезекші сыныптарда оқуға  21 мың өтініш түскен Абай өлеңдерін америкалықтар да оқи бастады: флэшмобты қолдаушылар саны артып келеді Елімізде педагогтар мен студенттер цифрландыру бағытында ақысыз оқытылды

2020 жылдың бірінші тоқсанында ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер саласындағы қызметтер 19,1 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылмен (91,2%) салыстырғанда 6,9%-ға аз.

Барлық көрсетілген қызметтің 62,3%-ы Алматыға тиесілі, бұл – 11,9 млрд. теңгені құрады. Аталған көрсеткіш өткен жылмен бірдей. 12,5%-ы Шығыс Қазақстан облысына ал 9,9%-ы Нұр-Сұлтан қаласына тиесілі.

Осы саладағы барлық қызметтің 86,4%-ын құрайтын жаратылыстану және инженерия саласында ең көп қаражат геологиялық саладағы ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-әдістемелік және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға 1,1 млрд теңге бөлінді. 1,1 миллиард теңге биотехнология саласындағы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға жұмсалды. Мұнда инвестициялардың қарқынды өсуі байқалады. Қызмет көрсету көлемі өткен жылдың бірінші тоқсанына қарағанда 3,3 есеге өсті.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов COVID-19-ға қарсы қазақстандық вакцина 2020 жылғы қыркүйекте клиникалық сынаққа алынуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, Қазақстанда биологиялық қауіпсіздік және биотехнология саласында жүйелі түрде ғылыми зерттеулер жүргізіледі. Аталған салада 12 ғылыми ұйым, 2,5 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Бүгінгі таңда еліміздің 19 жоғары оқу орнында осы саланың 4 мыңға жуық болашақ маманы білім алуда.

Ұлттық биотехнология орталығы — биологиялық бейіндегі ірі ғылыми ұйымдардың бірі. Орталық 25 сертификатталған ғылыми зертханадан тұрады.

Мұнда Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырысы бойынша коронавирусты диагностикалау үшін 11 мың ПТР тест-жүйесі әзірленген.

Бұған дейін Білім және ғылым министрлігі хабарлағандай, Жамбыл облысында коронавирусқа қарсы вакцина шығарады. Вакцина шығаратын биофармацевтикалық зауыт тиісті өндірістік тәжірибенің (GMP) халықаралық стандарты бойынша иммунобиологиялық дәрі-дәрмектер, оның ішінде коронавирус инфекциясына қарсы вакцина шығаратын болады.

Сондай-ақ кәсіпорында пандемиялық тұмауға, туберкулезге, бруцеллезге, нодулярлық дерматитке, ұсақ күйіс қайыратын жануарлар обасына, қой мен ешкінің контагиозды эктимасына, қой шешегіне, құтырмаға және басқа да жұқпалы ауруларға қарсы вакциналар шығарылады.

Құрылыс жұмыстарын биыл желтоқсан айында аяқтауды жоспарлап отыр. Жыл сайын биофармацевтикалық препараттардың 60 млн дозасына дейін өндіру көзделген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT