Пандемия денсаулық саласын цифрландыруға көбірек көңіл бөлуге түрткі болды - Ажар Ғиният

None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістанда ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың төрағалығымен «Цифрлық денсаулық сақтау мен телемедицинаны дамыту» атты дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жиынға ТМД денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кеңестің мүшелері және Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстанның, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік бюросының, ң өкілдері қатысты.

Жиында Ажар Ғиният қазіргі Қазақстан әлемдік үрдістерден тыс қалмайтынын және медицина саласы ауруларды анықтау, алдын алу, ден қою және бақылау саласында жаңа білімді қалыптастыру және практикалық шаралар әзірлеу үшін цифрлық құралдарды белсенді пайдаланатынын атап өтті.

«Пандемия Қазақстан үшін қоғамдық денсаулыққа байланысты төтенше жағдайларға дайындық және онымен күрес саласындағы процестер мен деректерді цифрландыруға көбірек көңіл бөлуге түрткі болды», - деп атап өтті А.Ғиният.

ҚР ДСМ-нің Электрондық денсаулық сақтауды дамыту департаментінің директоры Фархад Бекболатов дөңгелек үстелге қатысушыларды денсаулық сақтау жүйесінің барлық деңгейлерінде пандемиямен күресу үшін белсенді пайдаланылған, Қазақстанда іске асырылған бірнеше цифрлық жобалар туралы хабардар етті.

«Қазақстан Республикасының электрондық денсаулық сақтауды дамыту стратегиясы монополиясыздандыру және орталықсыздандыру қағидаттарына негізделген денсаулық сақтауды ақпараттандыру саласындағы шешімдердің ашық нарығын қалыптастыруға қайта бағдарланған болатын», - деді ол.

Бүгінде тұрғындар үшін пациенттің жеке кабинетіндегі eGov электрондық үкімет порталында және eGovMobile мобильдік қосымшасында бірқатар цифрлық сервистер іске асырылған. Олар вакцинация паспорты, «Вакцинация», «вакцинацияға жазылу», клиникалық қызметтерді көрсету бағыттары мен нәтижелері, электрондық рецептілер, ауруханаға жатқызу жолдамалары мен үзінді көшірмелер. Сондай-ақ, цифрлық трансформация аясында eHealth электронды денсаулық сақтаудың жаңа сандық архитектурасына көшу жұмыстары басталды.

«Денсаулық сақтауды цифрландыру саласын трансформациялаудың негізгі міндеті Министрліктің, оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының, медициналық ұйымдардың ақпараттық жүйелерін біріктіру болып табылады. Бұл цифрлық денсаулық сақтаудың мақсатты архитектурасын құру, дербес медициналық деректерді рұқсатсыз жариялау және тарату қаупін болдырмау және медициналық ұйымдар арасында клиникалық деректермен алмасу үшін қажет», - деп Ф.Бекболатов.


Соңғы жаңалықтар