Пандемия бізді цифрлық сауаттылыққа үйретті – сарапшы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары кезінде әлеуметтік желілерде тікелей эфир көп жүргізілген. Бұл туралы Sailau Talks-2021 шарасында Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бөлім басшысы Алуа Жолдыбалина айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жүргізген кезде әлеуметтік желілердегі тікелей эфирді пайдаланды. Әлеуметтік желілерді жастар ғана қолданады деп ойлаймыз, ал шын мәнінде аға буын желіде белсенді. Олар смартфонды да, әлеуметтік желілерді де, электрондық үкіметті де жақсы пайдалана біледі. Пандемия бізді цифрлық сауаттылыққа үйретті, сондықтан партиялар әлеуметтік желіде жастар ғана емес, барлық жастағы адамдар отыратынын ескеруі керек», - дейді Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бөлім басшысы Алуа Жолдыбалина.

Бұл пікірді саясаттанушы Жұлдызай Ысқақова да қостады.

«Коронавирус пандемиясына байланысты сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары онлайн режимде де жүрді. Мен 2020 жылы қазан және желтоқсан айларында партиялардың әлеуметтік желілердегі белсенділігіне қатысты кестені қарап көрдім. Әлеуметтік желідегі партиялардың белсенділігі өте жоғары болды. Бірақ әлеуметтік желіні орынды пайдалана алмаған партиялар да болды және оны қаражаттың жетіспеушілігімен байланыстырды. Әлеуметтік желіде белсенді болу үшін қаражаттың қажеті жоқ», - дейді саясаттанушы Жұлдызай Ысқақова.


Соңғы жаңалықтар