Пандемия «Бір белдеу, бір жол» жобаларының 60% кері әсер етті

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – «Бір белдеу, бір жол» бастамасы жобаларының 60 пайызға жуығына COVID-19 пандемиясы кері әсерін тигізді. Бұл туралы жұма күні аталмыш бастама шеңберіндегі халықаралық ынтымақтастық бойынша жоғары деңгейдегі видеоконференция қорытындысына арналған брифингте ҚХР СІМ халықаралық экономика департаментінің басшысы Ван Сяолун мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

«Жобалардың 20 пайызға жуығы қатты зардап шекті, 40 пайызына қандай да бір дәрежеде кері әсері тиді. Қалған 40 пайызы кестеге сәйкес іске асырылуда», - деп атап өтті қытайлық дипломат.

Ван Сяолун қытайлық тараптың үзақмерзімді трансшекаралық жобаларға қызығушылық танытып отырғанын және оларды тез арада ілгерілетуге мүдделі екенін атап өтті.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында «Бір белдеу, бір жол» бастамасына қатысушы елдерге Қытайдың құйған инвестициясы 11,7 пайызға өсті, ал тауар айналымы 3,2 пайызға артқан. «Қытай-Еуропа» бағыты бойынша теміржол арқылы жүк тауарларын тұрақты түрде тасымалдау рейстері мен жүк айналымы 2020 жылдың төрт айында өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда тиісінше 24 және 27 пайызға жоғары болды.

Еске сала кетсек, «Бір белдеу, бір жол» бастамасына екі жоба – «Жібек жолының экономикалық белдеуі» және «21 ғасырдағы теңіз Жібек жолы» жобалары біріктірілген.


Соңғы жаңалықтар