+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Пандемия баспа басылымдарының интернетке ауысуын жеделдетті

2021 жылғы 28 қыркүйек 18:54
Бөлісіңіз:
Пандемия баспа басылымдарының интернетке ауысуын жеделдетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Пандемия салдарынан баспа басылымдарының интернетке ауысу процесі жеделдеді. Бұл пікірді Nur Media холдингінің бас директоры Болат Кальянбеков айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ҚазАқпарат фототілшісі республикалық байқауда үздік атанды

«Қазақстан қоғамында ақпаратты тұтыну деңгейі өте жоғары, тіпті базалық қажеттілікке айналды деуге болады. Көп адамдар ұйқыдан тұрысымен смартфонын іздейді. Осыған байланысты бізге БАҚ ретінде бәсекені күшейту қажет. Пандемия салдарынан баспа басылымдарының интернетке ауысу процесі жеделдеді. Қазіргі уақытта баспа газеттерінің ақпарат беру жүйесі өте күрделі, онда қағаз жеткізу, типография жұмысы, газетті оқырманға жеткізетін дистрибуция сынды ауқымды технологиялық тізбектер бар. Пандемия кезінде осы тізбектерге ауыр соққы тиді. Шекаралар жабылып, қағаз жеткізу ісі қиындады, типография шығыны көбейді. Салдарынан газет тиражы азайды», - деді спикер Astana Media Week форумының «Жаңа, ковидтан кейінгі әлемдегі қоғам және БАҚ» панельдік сессиясында.

Оның айтуынша, баспа басылымдарының маңызы азайғанын жарнама ісі де көрсетіп отыр.

Ел ішінде соңғы 5 жылда баспа басылымының жарнамадағы үлесі 8 пайыздан 4 пайызға дейін төмендеген.

Жалпы 2020 жылы Қазақстанда жарнама нарығы 11 пайызға төмендеді.

Әсіресе радиода 90 пайыздық төмендеу бар, өйткені адамдар көлікпен ешқайда бармады, әдетте радио тыңдайтын мейрамханалар мен сауда орталықтары жұмыс істемеді.

«Мұның бәрі баспа басылымдарының интернетке көшуін жеделдетті. Цифрлық форматқа ауысу трендке айналды деуге болады. Өткен жылы бірнеше жылдық тарихы бар «Экспресс-К» газеті баспа нұсқасынан бас тартып, толығымен интернетке ауысты. Әрине, баспа басылымдарының күні бітті деп болжауға әлі ерте. Өйткені олардың өз оқырманы бар. Тек қана баспа газеттері жедел ақпарат беруде артта қалды. Ал күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылауда өзектілігін жоғалтпады. Интервью, жан-жақты сараптамалар интернетте дұрыс оқылмаса да, баспа беттерінде жақсы оқылады. Біз мұны түсінеміз», - деп қорытындылады Б. Кальянбеков.

Еске сала кетсек, кеше елордада Astana Media Week – 2021 жыл сайынғы медиаапталығы басталды.

AMW-2021 барысында халықаралық медиақауымдастық мүшелері ақпараттық күн тәртібінің өзекті мәселелерін көтереді. Ондағы іс-шаралар онлайн және офлайн-алаңдарда да жоспарланған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT