Палестина үкіметі отставкаға кетеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Штаб-пәтері Иордан өзенінің батыс жағалауындағы Рамалла қаласында орналасқан Палестина үкіметі ресми түрде отставкаға кету туралы өтініш білдірді. Бұл туралы сейсенбі күні Asharq Al-Awsat газеті хабарлады.

Палестина премьер-министрі Рами Хамдалла басқарып отырған кабинет толық құрамда ресми түрде отставкаға кету туралы өтініш білдірді. Отставка туралы өтініш Палестина президенті Махмуд Аббасқа тапсырылды.

Палестина үкіметінің барлық мүшелері жаңа кабинет құрылғанға дейін өз міндеттерін атқаратын болады.

Соңғы жаңалықтар