Палестина елшісі Қазақстандағы сайлау жайында: Басқа елдерде де осындай тәртіп болғанын тілеймін

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Палестина мемлекетінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Монтасир Абузейд Қазақстанда депутаттарды сайлау қорытындысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Осыған дейін Албанияда, Нигерияда, Беларусьте халықаралық байқаушы болдым. Кеше Қазақстанда өткен сайлауда 20-дан астам учаскеге бардым. Атап айтқанда, адамдарға емін-еркін дауыс беруге мүмкіндік жасалды. Жергілікті байқаушылармен де пікір алмастық, олар сайлау учаскелерінде заң талаптарына сай дауыс беру жүріп жатқанын айтты. Сарбаздар, полиция қайда? Қауіпсіздікті кім қамтамасыз етіп жүр деп сұрадым. Сайлау күні қару-жарақ асынған тәртіп сақшыларын, полицияны байқамадық, бірақ қауіпсіздік қамтамасыз етілді», - деді Монтасир Абузейд елордадағы Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен брифингіде.

Оның пайымынша, сайлау процесінде қару-жарақ асынған тәртіп сақшылары көп жүрсе, бұл көрініс дауыс берушілердің көңіл-күйіне кері әсер етеді.

«Ал Қазақстанда 19 наурыз күні сайлау учаскелерінде полиция өкілдері кездеспеді. Жалпы, басқа елдерде де дауыс процесі осылай жеңіл өткенін қалаймын», - деді Елші.

«Мен үшін сайлауда халықаралық байқаушы болу үлкен мәртебе. Кеше бірқатар сайлау учаскесін аралап, дауыс беру үшін тиісті жағдай жасалғанын байқадық. Бізге жергілікті байқаушылардан ешқандай шағым түскен жоқ», - деді Монтасер Абузейд.

Соңғы жаңалықтар