+7 (701) 759 90 19
USD 425.95 EUR 495.12
RUB 6 CNY 66.6
Jańalyqtar

Испанияда жанартаудан атқылаған лава 600-ге жуық ғимаратты қиратты

2021 жылғы 28 қыркүйек 16:41
Бөлісіңіз:
Испанияда жанартаудан атқылаған лава 600-ге жуық ғимаратты қиратты

МАДРИД. ҚазАқпарат – Испанияның Пальма аралында (Канар аралдарының автономды қауымдастығы) жанартаудан атқылаған лава ағындары қазірдің өзінде 600-ге жуық ғимаратты қиратты. Бұл туралы сейсенбіде Канар аралдарының Вулканологиялық институты өздерінің Twitter парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Белгісіз біреу Норвегиядағы Кунсберг қаласында бірнеше адамды өлтірді Канададағы оқыс оқиға:  ұйықтап жатқан әйелдің төсегіне метеорит құлаған Испанияда университет қалашығында оқ атқан ер адам ұсталды

«589 ғимарат қирады, 258 га аумақты лава ағындары жауып қалды, 21 км жол бүлінді», - делінген хабарламада.

19 қыркүйекте Эль-Пасо елді мекені аумағында Пальмада жанартау атқылай бастаған. Қауіпсіздік мақсатында 6 мыңнан астам адам эвакуацияланды. Әзірге ешкім зардап шеккен жоқ.

Қазір билік лава ағындарының Пальма жағалауына жетуін күтуде. Әзірге ол жағалаудан 800-ден 1000 метрге дейінгі қашықтықта.

Жергілікті телеарналар кадрларынан лава ағындарының мұхитқа қарай қалай баяу қозғалып бара жатқанын көруге болады. Жанартау кратерінен аса үлкен түтін бағанасы көтерілуде.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT