USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Пальма аралында жанартаудан аққан лава тасжолды басып қалды

2021 жылғы 6 желтоқсан 08:15
Бөлісіңіз:
Пальма аралында жанартаудан аққан лава тасжолды басып қалды

МАДРИД. ҚазАқпарат - Испанияның Пальма аралындағы Кумбре-Вьеха жанартауынан аққан лава ағыны тасжолды кесіп өтіп, аралдың қалған бөлігінен салыстырмалы түрде қауіпсіз деп саналатын аймақты оқшаулап тастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.

Кумбре-Вьеха жанартауы екі жарым айдан бері атқылап келеді. Осы уақыт ішінде лава 1 100 гектар аумақты өртеп, 2 800 ғимаратқа біразын жойып, біразына зақым келтірді.

Ғалымдардың айтуынша, жанартау қазір «уақытша белсенді» кезеңінде. Қазір тынышталғанымен, кейде лава ағып мен күл атқылап тұрады. Эвакуация кезінде көптеген мысық аралда қалып қойған болатын. Енді олар тамақ іздеп жүр.

Еске салайық, Испанияның Пальма аралында (Канар аралдары автономды қауымдастығы) қыркүйек айының соңында бірнеше жер сілкінісінен кейін жанартау оянған еді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

#Әлем  
Бөлісіңіз:

Автор:

Ақбөпе Әбдрасул

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT