Пәкістанның экс-премьері Наваз Шариф әуежайда ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Пәкістанның бұрынғы премьер-министрі Наваз Шариф пен оның қызы Әбу-Дабиден ұшып келген бойда Лахор қаласының әуежайында ұсталды, деп хабарлайды Анадолы агенттігі.

Бұған дейін сот Шарифті сыбайлас жемқорлық бойынша сырттай он жылға бас бостандығынан айырып, 8 миллион фунт көлемінде айыппұл салған еді.

Экс-премьердің қызы Марьям Навазға 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Сондай-ақ, 2 миллион фунт айыппұл төлеу міндеттелді.

Наваз Шариф төрт рет Пәкістан үкіметінің басшысы атанған. Аталмыш қызметке соңғы рет бұл лауазымды 2013 жылы атқарған болатын.

Соңғы жаңалықтар