Пәкістандық журналист Қазақстандағы ұлттар бірлігі мен Астана туралы мақала жазды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Пәкістан журналисі Агха Икрар Харун Dispatch News Desk ақпарат агенттігінде Қазақстанға сапары жайында жазған мақаласына жария етті. ҚазАқпарат халықаралық ақпарат агенттігінде «Астана - конфессияаралық және ұлтаралық үйлесімділіктің айлағы» деген тақырыппен жарық көрген мақаланың ықшамдалған аудармасын ұсынады.

Бакуден Исламабадқа жол тартқан рейсім Астана әуежайында қонып келе жатқанда ойымда көптеген сауал болды. Бұл мен жаңа елорда Астанаға алғашқы сапарым еді. Қазақстанның бұрынғы астанасы Алматыда мен бірнеше рет 1993, 1997 және 1999 жылдары болғанмын.

Ойымды жайлаған сауалдар сан-алуан: бұған дейінгі сапарларымдай қазақстандықтар қонақжайлықпен қарсы ала ма? Жаңа елорда Астана қазақ мәдениетінің сол бір айрықша жылылығына ие ме әлде бұл қазақстандық конфессияаралық және ұлтаралық жылылық үлесі жоқ жай ғана мегаполис пе?

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан Республикасы КСРО күйреп, жаңа тәуелсіз мемлекеттер пайда болған өтпелі кезеңде этносаралық қақтығыстар мен жанжалдардан жалтара алған посткеңестік кеңістегі санаулы елдердің бірі саналады. Бүгінде Қазақстан өздерінің күш-жігерін осынау жас мемлекеттік гүлденуі үшін топтастыра алған бірнеше этникалық топтың тату-тәтті тіршілік етуінің тамаша үлгісі болып отыр.

Кеңес одағы ыдырағаннан кейін оның бұрынғы барлық республикалары этникалық өзін-өзі тану кезеңінен өтті. Олар тәуелсіздігін жариялағаннан кейінгі он жыл бойы орыстар, немістер, поляктар, украиндар мен өзге де ұлттар посткеңестік елдерден қоныс аударды. Дегенмен, Қазақстан мұндайды бастан кешірмеген жалғыз ел болған сияқты. Өйткені, Ұлт көшбасшысы - Президент Нұрсұлтан Назарбаев халық бастапқы кезеңде кете бастағанда шұғыл әрекеттерге барып, тұрғылықты ғана емес ұлттардың өкілдеріне қамқорлық пен құрмет көрсете отырып, «Біртұтас ұлт» философиясына негізделген мемлекет құрды. Сондықтан да Президент Нұрсұлтан Назарбаев жүзеге асырған «мультикултурализм саясатының» арқасында бұрын көшіп кеткендердің басым көпшілігі Қазақстанға қайтып оралды.

Әлі күнге дейін орыс тілі Қазақстанда этносаралық қарым-қатынаста жоғары рөлге ие. Дегенмен, мемлекеттік тіл де тұқыртылып отырған жоқ. Үкімет біртіндеп оны қоғамдық санаға сіңіріп, мектептер мен университеттерде белсенді түрде оқытуда. Соның нәтижесінде бүгінде түлектердің 90 пайызға жуығы күнделікті қарым-қатынасқа және осыдан бірнеше жыл бір қазақ тілін білу міндетті саналатын мемлекеттік қызметтегі жұмыс барысына жеткілікті деңгейде қазақ тілін біледі.

ҚР Үкіметінің бағдарламасына сәйкес 2020 жылға қарай күнделікті қарым-қатынас деңгейінде қазақ тілінде сөйлейтін халықтың үлесі 95 пайызға жететін болады. Бүкіл Қазақстанда аталған мақсатқа қол жеткізу үшін көптеген тілдік орталықтар жұмыс істеп тұр.

Қазақстанда тұратын 140-тан астам ұлттың тілі мен мәдениеті дәстүрлі қазақ мәдениетімен қатар еркін даму үстінде. Қазақстанда өмір сүретін түрлі этникалық топтардың өкілдері өзінің маңыздылығы жағынан бірегей саналатын ұйым - Қазақстан халқы Ассамблеясына  кіреді. Бүгінде бұл Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы консультативтік-кеңес органы. Ассамблеяның өкілдер тобы ҚР Парламентінің төменгі палатасы Мәжіліске депутат болып сайланады.

Ассамблея 15 тілде жарық көретін газет пен журналға, 8 тілдегі радио хабарларына және 7 тілде телебағдарламаға қолдау көрсетеді. Қазақстанда өзбек, тәжік, неміс, ұйғыр және украин  тілдерінде білім беретін 88 мектеп бар. Жыл сайын Қазақстан халқы тілдерінде бірнеше ондаған кітап жарық көреді.  Қазақ және орыс театрларынан бөлек өзбек, ұйғыр, корей және неміс ұлттық театрлары бар.

Соңғы жаңалықтар