Пәкістандағы жол апатынан 18 адам опат болды

None
None
ИСЛАМАБАД. ҚазАқпарат – Пәкістандағы Белуджистан провинциясында орын алғанжол-көлік оқиғасы салдарынан кем дегенде 18 адам қаза тауып, 30 адам зардап шекті. Бұл туралы ҚазАқпарат Ary News телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға провинцияның шығысындағы Бхалок елді мекенінің жанында орын алған. Хуздар-Ларкана бағдарымен келе жатқан жолаушылар автобусының жүргізушісі жылдамдықты шектен тыс асырып, көлігін басқара алмай қалған. Салдарынан автобус аударылды.

Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеуде.


Соңғы жаңалықтар